Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында ректордың м.а. Наиль Ахметзакировтың төрағалығымен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестіктің кезекті отырысы өтті.
Оның жұмысына қатысу үшін құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындары, ведомстволық оқу мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен сарапшылар бас қосты.
Академия басшысы жиналысты аша отырып, Оқу-әдістемелік бірлестіктің заңгерлік білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін тағы да атап өтті. Мұндай кездесулер маңызды мәселелер мен ұсыныстарды талқылауға, бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ол.
Күн тәртібінде — барлық мүдделі тараптар үшін өзекті жоғары оқу орындарының ғылыми-әдістемелік және білім беру қызметін ұйымдастыру мәселесі.
Кеңеске қатысушылар Ұлт жоспарында көрсетілген маңызды қадамдардың бірі жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту проблемасын аса қызығушылықпен талқылады.
Құқық қорғау органдарының бірыңғай электрондық кітапханасы мен ведомствоаралық ғылыми ақпараттық жүйесін әзірлеу мәселесіне аса назар аударылды. Мобильді қолжетімділік пен ақпаратты басқару шешім қабылдауды, қажетті құжаттырды даярлауды тездетуге, жедел ақпарат алмасуға септігін тигізеді, — деп атап өтті Академия басшысы.
Шығарылып отырған кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан үш тілдік оқытуды енгізудің өзектілігі атап өтілді.
Сондай-ақ отырыста Оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына Қазақстанның екі жетекші оқу орны — әл-Фар–би атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясын қосу мәселесі қарастырылды. Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл бірлестіктің жұмысына жаңа серпін беріп, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізу мәселесі, Оқу-әдістемелік кеңесінің келесі жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Барлық мәселер бойынша келісілген шешімдер қабылданды.
Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Н. Ахметзакиров қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы ынтымақтастықтың жемісті болуын тіледі.