Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың неміс тәжірибесі

Бүгін Бас прокуратурада «Неміс тәжірибесі бойынша экономика мен саясаттағы сыбайлас жемқорлық» атты семинар-тренинг өтті.

Оқыту іс-шарасын Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері үшін Құқық қорғау органдарының академиясы Конрад Аденауэр атындағы Германдық фондпен берлесіп ұйымдастырып отыр.

Академия проректоры Николай Турецкий тренингті аша отырып, оның маңыздылығы мен уақытылы өткізіліп жатқанын атап өтті. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері барлық мемлекеттер үшін өзекті. Осы бағытта түрлі мемлекеттердің құқық қорғау құрылымдарының күшін біріктіру қажет. Ең тиімді профилактикалық шараларды іздеу мақсатында тәжірибе алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында бірлескен зерттеулер жүргізу қажет», — деп атап өтті ол.

Оқу бағдарламасы құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, осы салада жұмыс жасаудың негізгі практикалық дағдыларын барынша меңгеруге бағытталған.

Тренингке қатысушылар Германияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің жұмыс тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу әдістерімен танысты, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлық профилактикасы саласындағы заңнамалық нормаларды игерді.

Тыңдаушылар тренингтің мазмұндылығын, оның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және осы сипаттағы қылмыстарды тиімді тергеуге қажетті практикалық білім мен дағдыларды үйретуге бағытталғанын атап өтті.

Оқыту соңында семинарға қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды.