Құқық қорғау органдарының академиясы халықаралық білім беру көрмесіне қатысты

Астана мен Алматы қалаларында Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырған «International Education Fair – 2017» білім беру көрмесі өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын кеңейту, қазақстандық білім беру мекемелерін халықаралық білім беру кеңістігіне біріктіру, тәжірибе алмасу.

Академия өкілдері көрме қонақтарына мекеме қызметінің негізгі бағыттары, заңгерлік білім жүйесін реформалау жөніндегі зерттеулер және елімізді құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтып берді.

Соның ішінде Президенттік резерв қызметкерлерін даярлаудың бірегей жүйесі, сондай-ақ Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб құру инновациялық жобасы ерекше атап өтілді.

Көрме аясында Академия қызметкерлері Қазақстанның ғылыми және білім беру мекемелері өкілдерімен кездесті.
Келген қонақтар Академия қызметіне қызығушылық білдіріп, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүдделі екенін танытты.

Академия жоғары оқу орындары арасында өзара іс-қимылдың дамуына үлкен сенім артып отыр. Халықаралық академиялық қоғамдастықты біріктіру кәсіби тәжірибе алмасу үшін үлкен мүмкіндіктер ашады, нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.