Құқық қорғау органдары академиясында Жаһандық қауіптерге қарсы өңірлік хаб базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді халықаралық шаралар» тақырыбында екі күндік оқыту семинары өтті.
Іс-шара аймақтық прокуратура органдары, экономикалық тергеу қызметі, ішкі істер органдары және Сыбайлас жемқорлыққа ұлттық бюро қызметкерлері үшін ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинар тренері – Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық даму департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелрі жөніндегі кеңесшісі Ираклий Котетшвили. Ол тыңдаушылармен түрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды енгізу тәжірибесімен, жемқорлықпен күрестің озық еуропалық тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеудің кейбір ерекшеліктері туралы айтып берді.
Семинар барысында оның қатысушылары жаңа практикалық дағдыларды игеру үшін түрлі жағдайларға байланысты есептерді шешті.
Тыңдаушылар тренингтің кәсіби қызмет үшін пайдалы әрі мазмұнды екенін атап өтті.
Оқыту соңында қатысушыларға халықаралық сертификаттар берілді.