Құық қорғау органдары академиясының құрылғанына екі жыл толуына орай «Құқық қорғау органдарының академиясы: қалыптасуы мен перспективалары» атты екі томдық кітап жарыққа шықты.
Кітапта мекеменің өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелері келтірілген, ол оқырмандарды ғылыми-білім беру қызметінің негізгі бағыттарымен және алғашқы маңызды нәтижелерімен таныстырады.
Авторлар атап өткендей, аз ғана уақытта тиімді ғылыми-білім беру қызметінің сенімді іргетасы қаланды. Оқытудың жаңашыл әдістері енгізілді. Жас мамандарды даярлау, басшылық буынның біліктілігін арттыру жүйесі ретке келтірілді. Өзекті жобалар жүзеге асырылды. Білім беру бағдарламаларының мазмұны құқық қорғау қызметінің практикасы мен осы күнгі талаптарына жауап береді.
Рецензенттер оның ғылыми-практикалық құндылығын атап өтіп, Академия жұмысына жоғары бағасын берді.
«Құқықтық жүйені реформалау, прокуратураны өзгерту жағдайында кітап өзекті әрі маңызды сипатқа ие».
Жүріс-тұрыстың моральдық-этикалық стандарттарын енгізу тұжырымдамасы мен жұмыстың нәтижелігі мен тиімділігін бағалаудың кешенді жүйесі туралы ереженің әзірленуі ерекше мән беруге болады. Олар меритократия принципі негізінде құқық қорғау саласында басқарудың жаңа моделін қалыптастыру үшін жағдай жасайды», — дейді өз пікірінде заң ғылымдарының докторы Сағындық Жүрсімбаев.
Саяси ғылымдардың докторы Ұлбосын Жанатаева оқырмандарды ғылыми-білім беру қызметіндегі инновациялық әдістер, ғылыми және педагогикалық әлеуетті дамыту және жинау туралы ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті.
Кітап заң саласы жұртшылығына арналған, ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, студенттердің қызығушылығын тудырады.