Астана күнін мерекелеу қарсаңында шығармашылық тимбилдинг өтті. Тақырыптық конкурстар ұйымдастырылды, олардың нәтижелері салтанатты іс-шарада жарияланды.
Академия басшысы Наиль Ахметзакиров іс-шараны аша отырып «Еліміздің бас қаласы ғылыми ойдың, әлемдік деңгейдегі инновациялық технологиялардың орталығына айналды. Оған EXPO-2017 халықаралық көрмесінің ашылуы, түрлі ғылыми форумдар мен конференциялардың өткізілуі дәлел», деп атап өтті.
Астананың жоғары халықаралық статусқа ие болуы қала полициясы мен құқық қорғау құрылымдарына ерекше жауапкершілік артып отырғаны күмәнсіз. Елорда қонақтары мен тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы аймақ жасау – құқық қорғау органдарының басты міндеті.
Бүгін күн тәртібінде құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру мәселелері, қоғамның құқықтық тәртіп органдарына сенім индексін арттыру, кәсіби кадрлық әлеуетті құру мәселелері тұр.
Осы тұрғыда Академия кәсіби деңгейі жоғары жаңа заман кадрларын даярлауға бағытталған инновациялық жобаларды енгізуде.
Іс-шара Академия қызметкерлері ұйымдастырған концертпен аяқталды.