2017-2018 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде:
1) магистратураға:
6М030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша – 20 орын;
6М030300 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 20 орын;
2) PhD докторантурасына:
6D030100 — «Құқықтану» мамандығы бойынша – 5 орын;
6D030300 — «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша – 5 орын қарастырылған.
Академияға оқуға қабылдау 2015 жылғы 13 тамыздағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының № 101 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау ережесіне («Әділет» АҚЖ-да жарияланған) сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2017 жылдың 10-30 шілде аралығы.
Оқуға түсу емтихандары – 2017 жылдың 10-20 тамыз аралығы.
Оқуға қабылдау – 2017 жылдың 25 тамызына дейін.
Байланыс: Астана қ., Омаров көшесі, 60-үй, 216-бөлме.