Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық жазаларды орындау: проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында прокуратура қызметкерлеріне арналған кәсіби деңгейді арттырудың апталық курстары аяқталды.
Тренингке түзеу мекемелерінде заңдылықты қадағалау саласында жұмыс істейтін қызметкерлер қатысты.
Бұл жұмыстың өзіндік екершелігі бар және ол белгілі бір дағдыларды талап етеді. Сондықтан курстардың басты мақсаты – тыңдаушыларға арнайы контингентпен жұмыс жасау үшін қажетті білімдерді беру.
Ең алдымен прокурорлардың коммуникативті қабілетке ие болуы, сотталғандармен жұмыс істеу психологиясын білуі маңызды. Қамауға алынғандармен келіссөз жүргізу, өз пікіріңді дұрыс әрі сауатты жеткізе білу қажет болатын төтенше жағдайларға ерекше назар аударылған.
Пенитенциарлы мекемелерде азаптаулар проблемасы өзекті болып қала бермек. Тренинг барысында тыңдаушылар сотталғандарға қатыгездік жасау фактілерін дұрыс әрі уақытылы құжаттауды үйренді, азаптауды қолдану фактілерін анықтаудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Оқыту бағдарламасының тағы бір өзекті модулі жобалық менеджмент негіздерін үйрету. Бұл білімдер қадағалау органдары қызметкерлеріне пенитенциарлы жүйеге кәсіпкерлікті тарту және қамауға алынғандарды жұмыспен қамту үшін қажет.
Тыңдаушылар курсқа өздерінің оң бағасын берді. Олар оқу бағдарламасының мазмұндылығын, оның практикалық пайдасын атап өтті. Ең бастысы бұл курстар тиімді қызмет етудің маңызды базасына айналатын қажетті білімдер мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.