Бүгін «Прокурордың қылмыстық процеске қатысуының құқықтық және практикалық мәселелері» тақырыбында прокуратура қызметкерлерін кәсіби қайта даярлаудың алғашқы курстары ашылды.
Оқыту Құқық қорғау қызметтері орталығы алаңында, оның барлық техникалық мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Курстар прокурорларға жаңа маңызды өкілеттіліктерді беріп отырған конституционалды және өзге де заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.
Құқық қорғау органдары академиясы 1-ші Институтының директоры Нұрлан Даниев прокуратура жүйесіне процестік қадағалау мен қылмыстық қудалау функцияларының қайтарылуын, онда болып жатқан түрлендірулердің маңызын атап өтті.
Осыған орай курстардың негізгі мақсаты – тыңдаушыларда қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекет мүддесіне өкілдік ету және қадағалауды жүргізу үшін қажетті тереңдетілген кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқу 10 күн бойы жүргізіледі және үш маңызды оқу модульдерінен тұрады – «Прокурор қызметінде қылмыстық заңды жүзеге асыру»; «Қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңі саласында прокурордың қызметі» және «Сотта мемлекеттік айптауды қолдау».
Нақты кейстік тапсырмаларды мысалға келтіре отырып, лекторлар – ғылыми қоғамдастықтың өкілдері мен прокуратура органдарының тәжірибелі қызметкерлері тыңдаушыларға практикалық қызметтің негізгі аспектілерін жеткізетін болады.
Оқудан барлығы 221 прокуратура қызметкері өтеді.