Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлеріне арналған курстардың ашылуы туралы

Мемлекеттік кіріс комитетінің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кезекті тобы Құқық қорғау органдары академиясында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Тренинг экономика саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша құқық қолдану практикасы мәселелеріне арналған.

Тыңдаушылар үш модульді игеретін болады — «Экономикалық қылмыстарды алдын-ала тергеудің проблемалық мәселелері», «Әдейі банкроттық», «Тауарлардың кедендік құнын анықтау. Спирт пен алкоголь өнімдері айналымының кейбір мәселелері. Контрафактілі өнімдерге қарсы күрес негіздері».

Оқу Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті арнайы білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді меңгеруге бағытталған.

Курс 9 қыркүйекке дейін жалғасады, соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталады.