Бүгін Астанада терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық-құқықтық шаралар бойынша екі күндік xалықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Тренингті Құқық қорғау органдарының академиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Кеңсесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Отырысты аша отырып, Академия басшысы Наиль Аxметзакиров заманауи әлемнің қауіптерімен күресті күшейту тұрғысынан семинарды өткізудің өзектілігін атап өтті.
Тренинг бағдарламасында — терроризммен күрестің, терроризмге қарсы тиімді стратегияны әзірлеудің өзекті мәселері қарастырылған.
Семинардың оқыту сессиялары осы санаттың қылмыстық істерін тергеу, ведомствоаралық іс-қимылды күшейтудің, радикалды идеологияға қарсы іс-қимыл формалары мен әдістерін жетілдірудің, терроризмді қаржыландырудың практикалық мәселелеріне арналған.
Қазақстандық тыңдаушылар алдында экстремизм және терроризммен күрес саласындағы Ұлыбритания, ГФР, Ресей, АҚШ, Нидералнды, Польшадан келген жетекші сарапшылар сөз сөйлейтін болады.