Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура қызметкерлері үшін «Шешендік (көпшілік алдында сөз сөйлеу) шеберлікті дамыту және қызметте практикалық пайдалану» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары басталды.
Курс барысында төрт модульді игеру қарастырылған: «Мемлекеттік айыптаудың мәні мен рөлі», «Көпшілік алдында сөз сөйлеу», «Коммуникативті психологияны қолдану», «Конфликт жүйені дамыту құралы ретінде».
Курстардың негізгі мақсаты – мемлекеттік айыптауды қолдау сапасын арттыру және мемлекеттік айыптаушыларда көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын, коммуникативті құзыреттіліктерді, соттың істі қарауы барысында заңдылықтың бұзылуына жедел әрекет ете білуді қалыптастыру.