Өзара тиімді ынтымақтастықты нығайта отырып

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Жақып Асанов ЕҚЫҰ-ның адам саудасымен күрес жөніндегі ресми өкілі Мадина Жарбосынова бастаған ЕҚЫҰ делегациясының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында екі жақтың мүддесін қамтитын ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша сындарлы әңгімелесу мен пікіралмасу орнады.

Тараптар орнаған екі жақты қарым-қатынастың сипатына өз ризашылықтарын білдірді.
Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды аспектілері бойынша Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның жоғары дәрежедегі өзара іс-қимылын сақтаудың қажеттілігін атап өтті.

Осы тұрғыда Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік xаб аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау кездесудің негізгі тақырыбына айналды.

Бас Прокурор ЕҚЫҰ тарапынан жобаны жылжытуда көрсетіліп жатқан қолдауы мен көмегі үшін өз ризашылығын білдірді.

Мадина Жарбосынова Хаб қызметіне үлкен қызығушылық танытты, сондай-ақ адам саудасына қатысты қылмыстармен күресті күшейтуде Хабтың әлеуетін пайдаланудың маңызын атап өтті.

Осы орайда тараптар арасында Академия базасында Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерін адам саудасына қарсы іс-қимыл жүргізуді оқытатын симуляциялық орталық құру туралы маңызды келісімге келді.

Адам құқықтарын қорғау тұрғысынан бұл қадамның маңыздылығын айта отырып, Жақып Асанов білікті кадрларды даярлау үшін симуляциялық оқулардың маңызын атап өтті.

Тренингтер мамандардың күрделі жағдайларда бағыт таба алу, шешім қабылдай алу, кәсіби әрекеттердің дұрыстығын «автоматты» деңгейге жеткізу қабілетін қалыптастырады.

Тараптар жобаның сәтті болуына сенім білдірді. Олардың ортақ пікірінше, орталықты құру қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау мүмкіндігін арттырады, адам саудасының потенциалды құрбандарын уақытылы анықтауға және оларға көмек көрсетуге септігін тиігзеді.

Академия басшысы Наиль Аxметзакиров қонақтарды оқу орны және Өңірлік xаб қызметінің негізгі бағыттармен таныстырды.

Кездесуге қатысушылар өзара іс-қимыл салаларын одан әрі кеңейту және нығайтуға мүдделі екендерін растады.