Құқық қорғау органдары академиясының Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хабы базасында «Жедел мәліметтер мен ақпарат негізіндегі полицейлік қызмет» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Семинардың ашылуы барысында Академияның бірінші проректорының міндетін атқарушы Шакир Шаяхметов, Австрия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Герхард Сайлер, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол тыңдаушылар алдында сөз сөйледі.
Тренинг жұмысына Ресей Федерациясы, Сербия, Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, ІІМ-нің және Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – ұйымдасқан қылмыстылықпен және трансұлттық қауіптермен күресте полиция жұмысының халықаралық тәжірибесін игеру.
Семинар аясында ЕҚЫҰ сарапшылары шетелдік мемлекеттердің полициялық қызметінің заманауи үрдістері, сондай-ақ осы мәселе бойынша ЕҚҰЫ-ның ұсыныстары туралы баяндамалар жасады.