Құқық қорғау органдары академиясында Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің алғаш қабылданған қызметкерлеріне арналған кезекті кәсіби даярлау курстары басталды. Оқытудың басты мақсаты – таңдаушыларға қажетті кәсіби білім мен дағдыларды беру.
Сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін жалпысалалық, ақпараттық, жазбаша, коммуникативті және кәсіби атты бес құзыреттілік паспорты негізінде арнайы оқу бағдарламасы әзірленді.
Оқу процесіне Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен Мемлекеттік кірістер комитетінің тәжірибелі практиктері тартылды.
Бір айдың ішінде жиырма жас қызметкер тиімді қызмет ету дағдыларын игеретін болады. Заманауи ақпараттық ресурстарды практикалық қызметте қолдану әдістерін меңгереді, сондай-ақ физикалық, атыс және саптық дайындықтан өтеді.
Курстың ерекше модульдері тұлғалық даму мәселелеріне арналған. Оның шеңберінде тәжірибелі сарапшылар шешендік шеберлік, көпшілік алдында сөйлеу және конфликті жағдайларда өзін-өзі ұстау бойынша тренингтер өткізеді.