Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері мен тыңдаушылары Алғыс айту күнін атап өтті.
Бұл күн Қазақстан Респбуликасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурыз күні 30-40-шы жылдары Қазақстанда жаппай депортациялау кезінде түрлі ұлт өкілдерін өз туғанындай қабылдағаны үшін барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні ретінде белгіленген.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлерде толеранттылық сезімін, бір-біріне деген құрметін дамыту, достық пен этонсаралық келісімді нығайту.
Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелері – этномәдени орталықтардың өкілдері, елімізде бейбітшілік пен келісімнің нығаюына зор үлесін қосқан танымал қоғам қайраткерлері іс-шараның құрметті қонақтары болды. Олар халықтарды депортациялау тарихы, қазақтардың қонақжайлығы және Қазақстанда екінші отандарын тапқаны жайлы айтып берді.
Содан кейін «XX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы Қазақстандағы депортация. Тарих ортақтығы» тақырыбында деректі фильм көрсетілді.
Фильм көрсетілімінен кейін концерттік бағдарламада «Вайнах» шешен-ингуш ансамблі халық биімен және «Шпетте блумен» неміс ансамблі ұлттық және қазақ әндерімен өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара бірлесіп айтылған «Атамекен» әнімен аяқталды.