Заң білімі жүйесіндегі әлеуметтік және гуманитарлық білімнің рөлі туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында g-global платформаның негізінде ұйымдастырылған «Әскери, арнаулы оқу орнындағы жаңа гуманитарлық білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді.

Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын талқылауға арналды.

Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі, депутаттық корпус, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Үндістан, Ирак, Түркия сарапшылары, сондай-ақ Ресей, Германия, Иран және Пәкістан мамандары телекөпір арқылы қатысты.

Кездесуді ашқан Академияның ректоры м.а. Шакир Шаяхметов конференция күн тәртібінің өзектілігін атап өтті. «Бағдарламалық құжаттарда жоғары мектеп үшін басымдық міндеттер қойылған: гуманитарлық және әлеуметтік пәндер бойынша толыққанды білім алу үшін жағдай жасау, ұлттың әлеуетін мәдениет пен идеологияны одан әрі дамыту арқылы қалыптастыру. Бұл мақсаттар бүгінгі біздің жұмысымыздың стратегиялық бағдары», — деді ол.

Өкілдік форум шеңберінде заңдық білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің рөлін арттырудың маңызды бағыттары, болашақ мамандардың кәсіби және жалпы мәдени құзыреттерін қалыптастырудағы маңыздылығы туралы маңызды кәсіби диалог өтті.

Атап айтқанда, психология, педагогика, әлеуметтану, саясаттану, философия, филология, түркітану сияқты гуманитарлық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларына тиімді енгізу мәселелері талқыланды.

ЖОО жастарының рухани-адамгершілік және кәсіби мәдениетін қалыптастыру, құндылық бағдарларын тәрбиелеу талқылаудың маңызды тақырыптары болды. ЖОО-да діни білім, студенттер арасында экстремизмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселелері талқыланды. Жас ғалымдар құқықтық мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерінің тұсаукесерін өткізді.

Конференцияға қатысушылардың пікірінше, бағдарламалық міндеттерді іске асыру тұрғысында халықаралық ғылыми және тәжірибелік әлеуетті біріктіру ведомстволық оқу орындарының ғылыми өміріндегі маңызды оқиға болды, өзара қызығушылық тудыратын қызықты мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.