Құқық қорғау органдарының академиясында Жаһандық қауіптерге қарсы күрес жөніндегі өңірлік хаб негізінде қылмыстық кірістерді жылыстатумен және заңсыз активтерді қайтарумен байланысты қаржылық қылмыстарды тергеу жөніндегі семинар аяқталды.
Тыңдаушылар ретінде прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы мониторингі комитетінің және Ұлттық банктың 43 қызметкері қатысты.
Тренингтің мақсаты қаржылық қылмыстарды тергеу саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту және осы салада тәжірибе алмасу болып табылады.
Оқытуды Ұлыбританияның сарапшылары, Академияда оқыған қаржылық зерттеулер бойынша ұлттық тренерлер, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің ішкі аудит қызметінің қызметкерлері жүргізді.
Мамандар ұрланған активтерді анықтау мен қайтарудың заманауи әдістерімен бөлісті. Шетелдік сарапшылар ақшаны жылыстатумен байланысты негізгі ұғымдарды, шетелден шығарылған қылмыстық капиталды қайтаруды қамтамасыз ететін үздік әлемдік тәжірибелерді сипаттады.
Тыңдаушылар банк секторындағы ішкі тергеу жүргізудің негіздері, қаржы барлау бөлімшелерінің мүмкіндіктері, ұрланған активтерді қайтару үшін құқық қорғау қызметінің ашық көздерімен жұмыс істеу әдістерімен танысты.
Кейсті мәселелерді шешу және практикалық сабақтарға белсенді қатысу жаңа білімдер мен дағдыларды игеруге, қаржы саласында қылмыстарды анықтау мен жолын кесудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді.
Тұтастай алғанда, тренинг шарасы оның қатысушыларының жалпы пікірінше, ведомствоаралық өзара әрекеттестікті күшейтуге және тәжірибе алмасуға, қаржылық қылмыстарға қарсы бірлескен күш-жігерді нығайтуға үлкен қызығушылық танытты.