Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы қызметкерлері Парламент Мәжілісі депутаттары Нұрлан Әбдіров және Ерсұлтан Бектұрғановпен, сондай-ақ қалалық маслихат депутаты Рамзия Өмірбаевамен кездесуі өтті.
Кездесу Мемлекеттік басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауын түсіндіру аясында өтті.
Депутаттық корпус өкілдері жиналғандарды Президенттік бағдарламаның мәнімен таныстырды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының болашағы үшін оны іске асырудың зор тиімділігін атап өтті.
Реформаның басты мақсаты – еліміздің барлық азаматтарының, әсіресе халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігінің әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту, жас отбасыларды қолдау, шағын және орта кәсіпкерлікті қорғау.
Академия қызметкерлері қонақтарға мекеме қызметінің басты бағыттары, озық білім беру технологияларын енгізу туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдарына арналған кадрларды кәсіби даярлаудың жаңа тиімді моделі – «специалитет» ұсынылды. Жүйе ЭЫҰД елдерінің үздік білім беру практикасына негізделген және қызметке жетік даярланған мамандар корпусын қалыптастыруға мүмкіндік береді.