Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері үшін курстардың ашылуы туралы

Бүгін Академияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курстың оқу бағдарламасы құқық қолдану практикасының қажеттілігін ескерумен құрастырылды. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқықтық бұзушылықтарды ашу және тергеудің заманауи әдістері, қылмыстық құқықтық бұзушылықтарды ашу мен аналитикалық жұмыста заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде дәрістер мен тренингтер қарастырылған.

Курстың мақсаты — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлерінің жемқорлықпен күресу саласындағы білім деңгейін кеңейту, құқық бұзушылық және жемқорлықты ашу мен тергеудегі қажетті дағдыларды үйрету.

Курс 21 қыркүйекке дейін жалғасады, соңында тыңдаушыларға сертфикаттар табысталады.