Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және ЕҚҰЫ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырған киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимыл проблемалары бойынша кезекті тренинг өтті.
Еуразия ұлттық университетінің негізінде өткен оқыту іс-шарасы киберқылмыстарды тергеу жөніндегі оқыту курстарының үшінші кезеңі болды.
Семинар жұмысына осы санаттағы қылмыстарды тергеуге қатысатын күш құрылымдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері, сот сарапшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, жоғары технологиялар саласындағы қылмыспен күрес тиімділігін арттырудың өзекті проблемаларын талқылады.
Отырыста айтылып өткендей, бүгінде киберқылмыстылық ұлттық және халықаралық қауіпсіздіктің жаһандық қауіптерінің біріне айналды. Мысалы, соңғы жеті жылда Қазақстанда тіркелген интернет-қылмыстардың саны шамамен 40 есеге дейін өсті.
Киберқауіптердің саны өсіп жатқан жағдайда қылмыстарға қарсы іс-қимылды күшейту, тергеуді жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігі туындап отыр.
АҚШ-тан келген сарапшылар өзінің киберқылмыстармен күрестегі тәжірибесімен бөлісті.
Тыңдаушылар компьютерлік қылмыстарды анықтау және тергеумен байланысты практикалық жаттығуларды орындады. Мұның бәрі киберқылмыстарды анықтау мен оларға жол бермеудің жаңа прогрессивті тәжірибелерін, пәрменді әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берді.