Академияда Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен Президенттік резерв курстарының салтанатты жабылуы өтті.
Бір ай ішінде ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро, экономикалық тергеу қызметінің басшылары өз біліктілігін арттырды.
Оқу іс-шарасы Президент Жолдауында заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа формацияның басшыларын тәрбиелеу бойынша қойылған міндетті орындау үшін ұйымдастырылды.
Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушыларда кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттіліктерді жетілдіруге бағытталған.
Осының негізінде оқу процесінде стратегиялық менеджмент пен жоспарлаудың заманауи технологияларын практикада қолдану, басшының жеке тиімділігі мәселелері алдыңғы қатарға қойылды.
Білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері, курс тақырыптары, тренерлер пулы, сабақ беру әдістемесі осыған бағытталған. Курстар тыңдаушыларға практика қажеттіліктеріне бағытталған қажетті білімді, дағдылар мен машықтарды үйретуге арналған.
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін, өткен тренингтерді өткізу тәжірибесі мен тыңдаушылардың ұсыныстары ескеріліп, оқу бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға аса мән бере отырып өзектендірілді.
Сонымен қатар, тыңдаушылар шешендік шеберлік, стратегиялық жоспарлау, аналитикалық ойлау дағдыларын игерді. Келіссөздер жүргізу тактикасы, профайлинг, имиджді қалыптастыру туралы кеңейтілген түсінік алды. Құқық қорғау қызметіндегі ақпараттық технологиялармен танысты.
Тренингтерді практикалық тәжірибесі бар үздік отандық сарапшылар, соның ішінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары өткізді.
Тыңдаушылар оқу бағдарламаларының мазмұндылығын, олардың заманауи басшыға қажетті басқарушылық технологияларды меңгеруге, тұлғалық және ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытуға бағытталғанын атап өтті.