Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша криминологиялық форум
2019 жылғы 22 ақпанда қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға арналған Криминологиялық форумның отырысы өтеді.
Оның жұмысына қатысу үшін Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, адвокаттар, ғалымдар, шетелдік сарапшылар шақырылды.
Күн тәртібінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша жаңалықтарды талқылау жоспарланған (мысалы, тәркілеу институтын жетілдіру, жасырын тергеу әрекеттері мәселелерін қосымша регламенттеу; браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту және т. б.).
Форумды өткізу орны: ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, 1 қабат, акт залы (Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16)
Тіркеу уақыты: 9: 30-10: 00
Өткізу уақыты: 10: 00-13:00
Аккредиттеу мына электрондық мекен-жай бойынша жүргізіледі: 7171128@prokuror.kz
Барлық сұрақтар бойынша 8-701-307-03-60 телефонына қоңырау шалуыңызға болады.