Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы 2019 жылғы 22 ақпанда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру аясында «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімдегі үштілде білім беруді іске асырудың өзекті мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орнынан кейнгі білім беру жүйесіндегі үш тілді білім берудің өзекті мәселелерін шешуде қатысушылардың күшін біріктіру болды.
Дөңгелек үстел шеңберінде білім беру мен кәсіби ортада көптілділікті дамытудың пәнаралық мәселелері және болашағы; үш тілде білім беру бойынша тәжірибе алмасу; әскери арнаулы жоғары оқу орындарындағы үш тілде білім беруді кезең-кезеңмен іске асырудың тиімді практикалық тәсілдері талқыға салынды.
Аталған іс-шараға педагогика, оқыту әдістемесі мен лингвистика саласындағы шетелдік және отандық ғалымдар,, сондай-ақ сарапшылар, әдіскерлер, ЖОО-ның көптілді мамандықтарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша Қазақстанның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде үштілде білім беруді іске асыру мәселесі аясында нақты ұсынымдар тұжырымдалды.