29 наурызда Академияда қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жаңғырту мәселелері бойынша жас ғалымдардың қатысуымен жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық семинар өтті.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары мен оқытушылары, құқық қорғау органдары мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры директорының орынбасары Игорь Рогов, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу саласындағы басқа да белгілі ғалымдар шақырылды.
Семинар барысында жас ғалымдардың қолданыстағы заңнаманы одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстары қарастырылды.
Жауап алу және көзбе-көз беттестіру кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану, ынтымақтастық формасында процессуалдық келісім институтын жетілдіру сұрақтары бойынша пікірлер мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Сондай-ақ келісу өндірісінде қылмыстық істерді сотпен қарастыру, кінәні мойындау туралы келісім және қылмыстық процесте медиация институтын дамыту сұрақтары қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша қылмыстық заңнаманы жетілдіруге және құқық қорғау стандарттарын нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.