Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов Корея Әділет институтының директоры Чо Ын Сокпен кездесті.
Мейманды қарсы ала отырып, Академия басшысы Қазақстан мен Корея құзыретті органдарының қылмыстық-құқықтық саладағы құқықтық ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтті. Қазіргі уақытта екі ел арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге, сотталғандарды беруге байланысты шарттардың толық пакеті жасалды.
Чо Ын Сок айтып өткендей, Әділет институты интеграцияланған білім беру және зерттеу ұйымы болып табылады. Бұл жерде Бас прокуратура, қылмыстық-түзету мекемелері мен иммиграция қызметкерлері өз біліктілігін арттыруда.
Екі білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын атап өте отырып, әңгімелесушілер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және дайындау шеңберіндегі ынтымақтастық дамуын талқылады.
Е. Мерзадинов корей әріптестерінің жұмыс тәжірибесін зерделеуге және Әділет институты базасында Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін оқыту тренингтерін өткізуге қызығушылық білдірді.
Өткен кездесу, тараптардың ойынша, неғұрлым терең және жемісті өзара іс-қимыл, қалыптасқан диалогты сындарлы дамыту үшін маңызды серпін болуы тиіс.