Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталғында Құқық қорғау органдары академиясының ұйымдастыруымен ведомстволық жоғары орындарына ақылы қызмет көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының екінші жиналысы өтті.
Оның жұмысына ішкі істер, қаржы, әділет, қорғаныс, білім және ғылым министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Жоғарғы сот және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылармен ақылы қызмет көрсету механизмін жүзеге асыру, ақылы қызмет көрсету туралы бұйрықты дайындау, халықаралық тәжірибені зерделеу мен бюджеттік заңнамадағы қарама-қайшылықтарды шешу мәселерері қарастырылды.