Құқық қорғау органдары академиясының Жас ғалымдар кеңесі 2019 жылғы 22 және 23 мамырда №2 Қосшы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесулер жастар арасындағы экстремизм мен терроризм идеяларының таралуына қарсы әрекет ету мәселелеріне арналды. Акцияға 200-ден астам тыңдаушылар қатысты.
Кездесу барысында Академия магистранттарының баяндамалары тыңдалып, оқушылар арасында берілген тақырыпқа пікір-сайыс өткізілді.
Шараны ұйымдастырушылар аталған акциялар құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және жастар арасында радикализм идеяларын таратуға жол бермеу, терроризмге қарсы күрес және құқықтық сауаттылықты арттыруда өзекті екендігін атап өтті.