«Құқық қорғау органдары академиясы ЕҚЫҰ-мен бірлесіп, Еуропаның және Азияның 17 өкілінің қатысуымен адам саудасына қарсы күрес бойынша симуляциялық жаттығу өткізеді».
2019 жылғы 24-28-маусым аралығында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында, ЕҚЫҰ Хатшылығы, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар Кеңсесі, Нұр-Сұлтандағы АҚШ-тың елшілігі және БҰҰ-ның Жоғары комиссары Басқармасының қолдауымен босқындар ісі бойынша адам саудасының нақты жағдайларына әрекет ету бойынша симуляциялық жаттығулар өтеді.
Жаттығуға Еуропаның және Азияның 17 өкілі қатысады.
Іс-шараның ашылуы а.ж. 24-маусымында сағат 9.30-да болады.
Тіркеу: сағат 8:45 – 9:30-да.
Қатысуға тілек білдіруші журналисттерді 2019 жылғы 23-маусымда сағат 18.00-ге дейін 8 702 482 05 95 телефоны немесе 7171229@prokuror.kz электронды мекен-жайы бойынша аккредиттеуден өтуге шақырылады.
Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің келуін а.ж. 24-маусымда сағат 9.15-ен кешікпей келуін қамтамасыз етуді сұраймыз.
Өтетін орны: Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16.
Бұдан басқа, 26 және 27-маусымда БАҚ өкілдерінде шындыққа жақындалған жағдайлардағы жаттығулардың практикалық бөілімін жариялауға мүмкіндік болады (Қосшы а.).
Жаттығулардың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында оларды өткізудің уақыты мен орны туралы толық ақпарат қосымша хабарланатын болады (аккредитациядан өткен БАҚ өкілдеріне).