Қаржылық қылмыстар және ұрланған активтерді қайтару мәселелері бойынша практикалық семинар

Қазақстан Республикасының Бас прокуроратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында қаржылық қылмыс және ұрланған активтерді қайтару бойынша семинар аяқталды.

Тренингке судьялар, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі және полицияның қызметкерлері қатысты.

Ведомствоаралық оқыту форматы біртұтас тәжірибенің жоқтығымен, осы санаттағы қылмыстарды тергеу мен сот талқылауында тәжірибе алмасу қажеттілігімен байланысты.

3 күн ішінде нақты істердің мысалында қатысушылар қаржылық барлау және халықаралық ынтымақтастық бөлімшесінің қаржылық қылмыстарды ашу және заңсыз активтерді қайтару мүмкіндіктерін зерттеді, ақшаны жылыстатудың тұжырымдамалары мен схемаларының, банк секторында және төлем жүйелерінде ішкі тергеу жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.

Ұлттық сарапшылар криптовалюталар мен «Даркнет» желісін қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату құралы ретінде пайдалану әдістерімен бөлісті.

Халықаралық сарапшылар Йехуда Шаффер (Израиль Бас Прокурорының экс-орынбасары / Қаржы барлау бөлімінің бұрынғы басшысы, Израиль) және Аурелиус Гутаускас (Қылмыстық істер жөніндегі Жоғарғы Кеңестің төрағасы, Литва) ұрланған мүлікті қайтарып алу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың шетелдік тәжірибесін жасады.

Сарапшылар атап өткендей: «Семинарлардың ең үлкен пайдасы — бұл желілерді құру. Біз қазақстандық әріптестерімізбен білім және тәжірибе алмастық, ақшаны жылыстатуға қарсы күресте, халықаралық ынтымақтастықта осындай алмасу қажет, сонымен қатар тетіктерді білу ұрланған қаражатты тауып, мемлекеттік қазынаға тезірек қайтаруға мүмкіндік береді».

Тренинг қылмыстық істерді оқытужұмыстардың презентациясы және SWOT талдау үкімдері семинардың логикалық қорытындысы болды.

Жалпы, қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, қаржылық қылмысқа қарсы тиімді тәсілдерді әзірлеудегі оқытудың мазмұны мен практикалық пайдалылығын атап өтті.