2-қыркүйектен бастап, 2019 жылы оқуға түскен магистранттар мен докторанттар үшін апта бойы мамандыққа кіріспе бойынша біршама іс-шаралар жүргізілген.
Қайтадан қабылданған білім алушылар Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты кафедраларының қызметіндегі негізгі бағыттарымен, диссертациялық зерттеулердің тақырыптарын таңдау сұрақтары бойынша ақпаратпен және жеке жұмыс жоспарларын құрумен танысты.
Академиямен танысу аясында «Командалық құру» тақырыбындағы тренинг ұйымдастырылды, ғимарат, аудитория мен территория бойынша экскурсия өткізілді, ішкі тәртіптің ағымдағы Ережелері туралы ақпараттар айтылды.
Таныстыру іс-шараларының аяқталуында Академияның ректоры Ерғали Мерзадиновпен кездесуі болды.
Кездесу барысында ректор Академияның алдында тұрған негізгі мақсаттары мен қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты. Магистранттар мен докторанттарды диссертациялардың тақырыптарын таңдауда мұқият болуларын, олардың заманауи құқық қорғау органдарында өзектілігін ескерулерін, сондай-ақ Академияның қоғамдық, ғылыми және білім беру іс-шараларында белсенді қатысушылары болуға шақырды.