Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Үштұғырлы тіл — ұлт тірегі» атты тілдер байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты-мемлекеттің тіл саясатын қолдау, үштілділікті насихаттау, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жоғары деңгейде меңгерген білім алушыларды анықтау, қызметкерлердің қызметтік қызметте тілдерді белсенді қолдануға уәждемесін күшейту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Байқау 3 турда 4 команда арасында өтті, оның ішінде арнайы бастапқы оқытудың тыңдаушылары, 1 және 2 курс магистранттары, сондай-ақ Академия докторанттары.
1-турда қатысушылар өздерін және команданы мемлекеттік тілде таныстырды, 2-турда Шекспирдің шығармалары мен Голливудтың «Лицо с шрам» классикасынан ағылшын тілінде үзінділер көрсетті,3-турда орыс тілінде танымал фильмдерден үзінділер айтылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы «СПО-27» арнайы бастапқы оқыту тыңдаушыларының командасына бірінші орынды, екінші орынды — 1 курс магистранттары, үшінші орынды 2 курс магистранттары иеленді. Командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Жеке номинациялар бойынша Аделия Әлжан, Ерасыл Секенов және Жалғас Қосымбай үздік атанды.
Іс-шараны Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.