2019 жылғы 26 қыркүйекте Құқық қорғау органдары академиясында «Қылмыстық процестің экономикалық аспектілері: теория және практика» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
Семинар жұмысына магистранттар, докторанттар, әр түрлі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, сондай – ақ практикалық қызметкерлер-ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты-қылмыстық процестің экономикалық аспектілеріне байланысты өзекті теориялық және практикалық мәселелерді пәнаралық деңгейде талқылау.
Семинар Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасын іске асыру аясында Академияның жас ғалымдар кеңесімен ұйымдастырылды.
Ғылыми семинардың қорытындысы бойынша қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар жасалды.