ПРЕСС-АҢДАТПА

Орталық Азия мен Таяу Шығыстың 8 елінің күш құрылымдарының өкілдері үшін мигранттарды заңсыз әкелуден және адам саудасынан қаржы ағынының жолын кесу бойынша халықаралық семинар ұйымдастырылды.

2019 жылдың 1-2 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Адам саудасы және мигранттарды заңсыз әкелу нәтижесінде алынған заңсыз қаржы ағынының жолын кесу үшін халықаралық және өңірлік ынтымақтастық» тақырыбында семинар өтеді.

Іс-шараны Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы БҰҰ ЕҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар жұмысына Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратура, қаржы барлау бөлімшелері мен Ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері қатысады.

Негізгі мақсат – адам саудасына және мигранттарды заңсыз әкелуге байланысты заңсыз қаржы ағындарының жолын кесуде аймақтық және ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсарту мақсатында ақпарат алмасуға және бейресми желілерді пайдалануға жәрдемдесу.

Бүгінгі күні Адам саудасы-бұл қылмыстық бизнестің тиімді түрлерінің бірі. Жаһандық құлдық индексіне сәйкес бүкіл әлем бойынша шамамен 40 млн. адамның бас бостандығы жоқ.

Қазақстанда жыл сайын еңбек құлдығынан жүзден астам адам құтқарылды. Тәуекел тобында негізінен әйелдер мен балалар.

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша адам саудасынан түскен заңсыз табыс жыл сайын шамамен 32 миллиард АҚШ долларына бағаланады.

БАҚ өкілдері аталған іс-шараны жариялау үшін шақырылады.

Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланады:

  • Ағымдағы бағыттар, қазіргі заманғы үрдістер, адам саудасы және мигранттарды заңсыз әкелу әдістері, сондай-ақ олардың заңсыз қаржы ағындарымен өзара байланысы;
  • Адам саудасына және мигранттарды заңсыз әкелуге байланысты қылмыстарды тергеу жүргізуде қаржылық барлау бөлімшелерінің рөлі;
  • Адам саудасына және мигранттарды заңсыз әкелуге қарсы күрес үшін қаржылық тергеулерді пайдаланудың аймақтық тәжірибесі;
  • Адам саудасына және мигранттарды заңсыз әкелуге қарсы күресте халықаралық ұйымдардың күш-жігері.

БАҚ өкілдері:

  • Адам саудасына, мигранттарды заңсыз әкелуге және заңсыз қаржы ағындарына қарсы күрес саласындағы ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын халықаралық ұйымдардың өкілдерімен әңгімелесе;
  • Халықаралық сарапшылармен және түрлі ведомстволардан семинарға қатысушыларымен таныса;
  • Сарапшылар мен семинарға қатысушыларды қосқанда, практиктерден сұхбат ала алады.

Өтетін орны: «Hilton Astana» қонақ үйі, Нұр-сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 46.

Күні мен уақыты: 2019 жылғы 1 қазан, сағат 09.15.

Қатысуға ниет білдірген журналисттерді 2019 жылғы 30-қыркүйекте сағат 18:00-ге дейін 8-702-482-05-95 (Әйгерім) телефоны немесе e-mail: 7171229@prokuror.kz электронды поштасы арқылы аккредитациядан өтулеріңізді сұраймыз.

БАҚ-тың аккредиттелген өкілдерінің келуін а.ж. 1-қазанынан сағат 09.00-ден кешіктірмей қамтамасыз етуді сұраймыз.