2019 жылғы 3-қазанда Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз туры өтеді.
Аталған іс-шараны Академия журналисттерге қызметін объективті жариялағаны және ынтымақтастығы үшін алғыс айту мақсатында ұйымдастырып отыр.
Кездесу барысында оқу процесін негізгі локацияларда көрсету жоспарланған. Мысалы, полигон-трансформер («Кеңсе-бухгалтерия», «Сұрау мен тану кабинеті», «Тұрғын бөлме», «Жасырын цехы»), сот кабинеті, тир, спорт комплекс және т.б. көртетілетін болады.
Сондай-ақ БАҚ-қа Академия қызметінің негізгі нәтижелері бойынша ақпарат ұсынылатын болады.
Өткізу орны мен уақыты: 2019 жылғы 3-қазанда сағат 10:00-де, Ақмола облысы, Қосшы ауылы, Республика көшесі 16.
БАҚ өкілдерін 2019 жылғы 2-қазанда сағат 20:00-ге дейін akairidenovna@gmail.com электронды поштасы және 8-702-482-05-95 (ӘйгерімАбитаева) телефоны арқылы аккредитациядан өтуін сұраймыз.
Акрредитациядан өткен БАҚ өкілдері үшін «Қазмедиа орталығы»-нан Академияға дейін көлік ұйымдастырылатын болады(сағат 9.40-та жүреді).