Құқық қорғау органдары академиясында арнайы бастапқы оқыту курстары тыңдаушыларының Академияны құру және қалыптасу кезеңінде басқарған Ұлан Байжановпен кездесуі өтті.
Ұлан Сапарұлы бай еңбек өтілі және құқық қорғау қызметінің практикалық тәжірибесі бар, бұрын Бас Прокурор аппаратының басшысы, Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Бас прокуратурасының өкілі лауазымында болған.
Кездесуде прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, қадағалауды ұйымдастыру тәртібі, өңірлерде заңдылықты қамтамасыз ету және басқа да мәселелер қозғалды.
Сондай-ақ, Ұлан Сапарұлы тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, ал іс-шара соңында адалдық пен әділдік үлгісі болуға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда қызмет атқаруға тілек білдірді.