БАҚ ҮШІН АҚПАРАТ

2019 жылы 14-18 қазанда Қарағанды қаласында адам саудасына қарсы күрес бойынша халықаралық симуляциялық жаттығу өтеді. Жаттығуды Құқық қорғау органдарының академиясы ІІМ Б.Бейсенов атындағы  Қарағанды академиясымен бірге, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің, Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.

Тренингтің басты мақсаты-зардап шегушілерді дер кезінде анықтау және оларға көмек көрсету, сондай-ақ қылмыскерлерді жазалау үшін адам саудасының нақты жағдайларына ведомствоаралық және мультинационалдық ден қою жүйесін жетілдіру.

Оқытудан құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері өтеді.

Тренинг жұмысына барлығы 80-нен астам адам қатысады.

Іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Оқыту іс-шарасы барысында журналисттердің келесідей мүмкіндігі болады:

  • адам саудасына қарсы күрес саласындағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстандық сарапшылармен әңгімелесу;
  • әр түрлі ведомстволардан, соның ішінде полиция, прокуратура, әлеуметтік қызмет, еңбек инспекциясы және үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінен құрылған тренинг қатысушыларымен танысу;
  • практиканттар мен сарапшылардан оқытудың тұжырымдамасы мен нәтижелері туралы сұхбат алу;
  • жаттығу өткізу орындарына бару: фиктивті жиек, сауна, құрылыс алаңы, қоймалар мен ауыл шаруашылық алаңы, онда еңбек және жыныстық қанаушылық жағдайлары көрсетілімдерге қатысу.

Тренингтің ашылуы: 14 қазан күні сағат 10.00-де өтеді.

Өтетін орны: ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 124.

Аккредиттеу akairidenovna@gmail.com электронды поштасы және телефон: 8-702-482-05-95 (Әйгерім Әбітаева) арқылы жүзеге асырылады.

17 қазанда алдын ала сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін БАҚ өкілдері жаттығудың практикалық бөлігін нақты жағдайға барынша жақындата алатын болады. Жиналыстың нақты уақыты мен орны туралы ақпарат 17 қазан күні таңертең қосымша беріледі.

Журналисттерді аталған уақытта өтетін жерге келулеріңізді сұраймыз.