Құқық қорғау органдары академиясында а.ж. 21-25 қазан аралығында «Полиграфологиялық зерттеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында аумақтық прокуратуралардың психолог-полиграфологтарының біліктілігін арттыру курсы өтті.
Курс бағдарламасы зерттеу процесінде жалған ақпаратты дер кезінде және білікті анықтау, тұлғаның мінез-құлқын дұрыс анықтау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Бірқатар өзекті тәжірибелік сұрақтардыжариялау үшін дәріс беруші ретінде Бас прокуратураның аға көмекшісі Р.К.Құрманова және Қазақстан Республикасы психологтар қоғамының вице-президенті, психология ғылымдарының кандидаты, профессор М.Г.Субханкулов шақырылды.
Оқу процесі барысында арнайы оқыту мекемелерінде оқытылған жекелеген тыңдаушыларға білімдері мен дағдыларын бөлісуге мүмкіндік беріледі.
Оқыту курсының соңында Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен өзекті мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстел өткізіліп, сертификаттар табысталады.