ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (анықтама телефоны: 8 (71651) 68-0-79, 68-0-33, e-mail: 7171493@prokuror.kz, Ақмола облысы, Целиноградауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16-үй,бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

1. Құқық қорғау органдары академиясы Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасы бойынша ректордың көмекшісі, С-AGP-5 санаты, 1 бірлік.

Еңбек сіңірген жылдарына қарай лауазымдық жалақысы — 199 268 теңгеден 268 994 теңге дейін.

Функционалдық міндеттері: Академияның қызметін қамту мәселелері бойынша БАҚ мониторингілеуді күнсайын жүзеге асырады, оның нәтижесі туралы Академия ректорына баяндайды; Академия қызметіндегі жағымсыз фактілер туралы мақалаларды анықтау үшін БАҚ жүйелі мониторинг жүргізеді, Академия тарапынан оларға тиісті және уақтылы жауап беруді қамтамасыз етеді; саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бойынша, Академия қызметі және құқық қорғау органдарындағы жалпы жағдай бойынша БАҚ дайджестін дайындайды; Академияның ресми іс-шараларына журналистерді аккредитациялауға және хабарландыруға ұсынады; құқықтық актілер, соның ішінде Академия қызметіне қатысты актілер жобаларының әзірленуіне қатысады; баспасөз-конференцияларын, брифингтер және басқа да ақпараттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді және оларға қатысады; Академияның құқық түсіндіру туралы статистикалық есебінің құрылуын қамтамасыз етеді; жетекшілік ететін мәселелер бойынша келіп түскен аналитикалық материалдарды зерделеуді, өңдеуді және бақылауды жүзеге асырады, олар бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін басшылыққа тиісті ұсыныстарды әзірлейді; жетекшілік ететін мәселелері бойынша Академия ректорының қатысуымен өтетін, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, басқа мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі жанындағы  консультативтік-кеңесші органдар өткізетін әртүрлі іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз етеді; Академия басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Еңбек тәжірибесі мына талаптардың біреуіне сәйкес келуі қажет:

1) прокуратура органдарында алты жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда алты айдан кем емес немесе осыған тең немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес қызмет өтілінің,

2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,

3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес өтілінің,

4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес немесе келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) белгіленген нысандағы сауалнама;

3) нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы заполненный;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы                      18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері.

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және іскерлік қабілетіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми (академиялық) дәреже мен атақтар беру туралы құжаттардың, мінездеменің, ұсыныстардың, ғылыми мақалалардың көшірмелері) қосымша ақпараттарды тапсыра алады.

Құжаттар конкурс өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша тапсырылуы керек.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы