Өзара тиімді ынтымақтастық

13 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қою екі мекеме арасындағы ынтымақтастықтың қисынды жалғасына айналды.

Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов атап өткендей, Елбасы кітапханасы келер ұрпақ тәрбиесіне зор үлесін қосуда. Академияның тындаушылары Кітапхананың білім беру бағдарламаларының белсенді қатысушылары болып табылады.

«Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру жобалары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тұжырымдық идеялары мен жаһандық бастамаларын, жастарға арналған жобаларды жүзеге асыру арқылы «Қазақстандық жолдың» ерекшеліктерін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, Елбасының бағдарламалық құжаттарын және мақалаларын зерттеуге бағытталған. Біз қоғамдық-саяси күн тәртібімен қатар жүруге тырысып, жыл сайын семинар-тренингтердің тақыптарын өзектілейміз», — деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов пікірімен бөлісті.

Қол жеткізген уағдаластық маңыздылығын ескере отырып, Е.С. Мерзадинов және Ә.М. Рақымжанов  қалыптасқан серіктестік қатынастардың сипаттамасына және сапасына қанағаттанатындарын, ынтымақтастықтың өзге де перспективалық бағыттарын жүзеге асыруға дайын екендерін білдірдірді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге және жастар саясатын дамыту саласында өзара әрекеттесуге бағытталған қатынастырды нығайтуға.

Сондай-ақ тараптар республикамыздың қалыптасу және даму тарихын зерттеу бойынша бірлескен мәдени-білім беру, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жобаларын өткізу туралы келісті.

Ортақ пікір бойынша, қазақстандық қоғамды жан-жақты модернизациялау жағдайында  қойылған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша бірлесіп күш жұмылдыру, бірлескен білім беру және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды өткізу маңызды.

Тараптар жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің және ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылаудың түрлі нысандарын қолдануға, тұрақты негізде ақпарат алмасуды қалыптастыруға келісті.