Кайнар Ерболат Ержанулы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау Академиясында Кайнар Ерболат Ержанулының (PhD) философия докторы дәрежесіне іздену бойынша «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесіндегі ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері» атты докторлық диссертациясының қорғауы болып өтеді.

Диссертация Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында орындалған.

Қорғау тілі: қазақ тілі.

Рецензенттер:

1. Рима Еренатовна Джансараева – заң ғылымдарының докторы, профессор, әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі;

2. Торгаутова Балгын Амирбековна – заң ғылымдарының кандидаты, Туран университетінің Заңтану және халықаралық құқық кафедрасының доценті.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Тоқыбаев Зайрулла Сембайұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор.

2. Осмоналиев Кайрат Медербекович – Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі, Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің штаттан тыс профессоры, Қырғыз Республикасы СІМ дипломатиялық академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Қорғау 2018 жылдың қазан айының 20 жұлдызында 10.00-де Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі 16 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау Академиясының диссертациялық кеңесінде болып өтеді.

Адрес сайта: academy-gp.kz

Құжаттар