Ғылыми кеңестің отырысы туралы

2018 жылдың 31 қазанында Құқық қорғау органдары Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ғылыми кеңес отырысында Академия құрылымдық бөлімшелерінің ережелері мен қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелері бекітілді. Құқық қорғау органдарының сұрауына сәйкес 2018 жылғы жинақ магистранттары мендокторанттарының зерттеу тақырыптары анықталды және олардың ғылыми жетекшілері бекітілді.

2019 жылға Мемлекеттік аттестациялық комиссия төрағалары ретінде келесі құрамда анықталды:

магистратураның «Құқықтану» мамандығы бойынша — заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Сарсембаев;

докторантураның «Құқықтану» мамандығы бойынша — заң ғылымдарының докторы, профессор Н.Н. Турецкий;

магистратураның «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша — заң ғылымдарының докторы, профессор А.Ш. Ещанов;

докторантураның «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша — заң ғылымдарының докторы, доцент Р.Т. Шуменова.