Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында өткен Құқық қорғау органдарының Ғылыми кеңес отырысында ғылыми-білім беру қызметінің өзекті сұрақтары қарастырылды.
Диссертациялық кеңестің жаңа құрамын бекіту күн тәртібінің ең маңызды сұрақтарының бірі болды. Атақты қазақстандық ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчашвили төраға болып тағайындалды.
Кеңес органының құрамына 9 ғылым докторлары, соның ішінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының, Орталық Қазақстан Академиясының ректорлары, сондай-ақ жетекші құқықтанушы ғалымдар кірді.
Отырыстың екінші бөлімінде Академияның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары қарастырылды.
Академияның Ректоры жоғары оқу орнының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуі жылдың басты жетістігі екендігін өз сөзінде атап өтті.
ТМД білім беру кеңістігінде Академияның беделін мойындау Достастық елдерінің салық органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы мәртебесін алуы болды.
Сондай-ақ, отырыста құқық қорғау қызметі жүйесіне алғаш кіретін жас мамандарды бастапқы оқыту, бейіндік магистратура, қашықтықтан оқыту және «е-Академия» енгізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Ғылыми кеңеспен Академияның ағымдағы жылға арналған ғылыми еңбектерді шығару жоспары бекітілді.