2019 жылғы 26 желтоқсанда Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста 2019 жылы қабылданған магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптары тыңдалып, мақұлданды, олардың ғылыми жетекшілері бекітілді.
Ғылыми кеңестің барлық мүшелері «Құқықтану» мамандығы бойынша з.ғ. д., профессор М. С. Башимовтың және з. ғ.д., профессор А. Ш. Ещановтың кандидатураларын қолдады.
Сондай-ақ 2019-2020 оқу жылының магистратура және докторантура білім алушыларының қорытынды аттестаттауына шығарылатын пәндер бекітілді.
Сонымен қатар, Академия қызметкерлерінің бірқатар оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдары жариялануға мақұлданды.