Конституциялық жаңашылдықтардан құқықтық мәдениетке дейін: ЕҰУ студенттерімен кездесу

Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқытушылары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру болды. Практикадан нақты мысалдар келтіре отырып, студенттерге кибербуллингтің, қудалаудың, есірткінің заңсыз айналымының және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу шаралары, сондай-ақ заңнамада көзделген жауаптылық түсіндірілді.

Жастар Академияға оқуға түсу тәртібімен және құқық қорғау саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен де танысты.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауын және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон:
+7 (778) 555-25-15
Email:
7340114@prokuror.gov.kz