2026 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының командасы Өзбекстан Республикасы Құқық қорғау академиясында (Ташкент қаласы) өткен БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының моделіне қатысты.
Академия атынан іс-шараға аға оқытушы М. Садыков және магистранттар А. Тукенов, А. Баешев, М. Шәуәли, М. Утешова Жас ғалымдар кеңесінің қолдауымен қатысты.
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тоғыз жоғары оқу орнының командалары қатысты. Конференция екі кезеңнен тұрып, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 5-бабы – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саясаты мен практикасына» арналды.
Бірінші кезеңде жеребе нәтижесі бойынша Академия командасы Малайзияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен тәжірибесін таныстырды. Екінші кезеңде ұлттық және шетелдік тәжірибеге салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіп, Конвенция ережелерін іске асыру тетіктері мен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Академия командасы халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды терең меңгергенін және кәсіби пікірталас жүргізу дағдыларын көрсете отырып, Академия мен Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсетті.
Іс-шараға БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) сарапшылары, Өзбекстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Еуропалық одақ делегациясының және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамының (GIZ) өкілдері қатысты.
Модельге қатысу тәжірибе алмасуға, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz


