Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокурорлық қызмет ардагерлерімен ұрпақтар сабақтастығы мен кәсіби дәстүрлерді сақтауға арналған салтанатты кездесу өтті.
Құрметті қонақтар қатарында әр жылдары Бас Прокурордың орынбасары және Жоғарғы Соттың судьясы қызметтерін атқарған Асқар Секішев, Қазақстандағы тұңғыш әйел генерал, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарған Сәуле Айтпаева, прокуратураның құрметті қызметкері, Академияның Кәсіптік оқыту институтының бұрынғы басшысы Магомед Акаев, сондай-ақ заң ғылымдарының кандидаты, Академияның Ардагерлер кеңесінің төрайымы Светлана Исаева болды.
Іс-шара прокурорлық қызметтің әр буын өкілдерін біріктіріп, ардагерлердің көпжылдық еңбегі мен прокуратура органдарының дамуына қосқан үлесіне деген алғыстың көрінісіне айналды.
Құрметті қонақтарға арнап «Алға» патриоттық әні, «Наш выбор» авторлық өлеңі және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының әнұраны орындалды. Концерттік бағдарлама кездесудің салтанатты сәнін келтірді.
Курсанттармен жүздесу барысында ардагерлер мол тәжірибелерімен бөлісіп, прокурорлық қызметтің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. Олар жауапкершіліктің, қызметтік әдепті сақтаудың және кәсіби борышқа адал болудың маңызын атап өтті. Ардагерлердің ақыл-кеңестері болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін құнды бағдар болып, ұрпақтар сабақтастығы мен прокурорлық қызметтің озық дәстүрлерін сақтаудың маңызын айқындады.
Құқық қорғау органдары
академиясының баспасөз қызметі
Телефон: +7 (778) 555-25-15
Email: 7340114@prokuror.gov.kz



