Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Шынғыс Қайырғалиұлы Айтжановтың «Жәбірленушілерге өтемақы қорынан төленетін төлемдерді толықтыру және жүзеге асырудың теориялық, заңнамалық және практикалық аспектілері» тақырыбында (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін диссертациясы қорғалады.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертациялық кеңестің құрамы: https://academy-gp.kz/?page_id=5891&lang=kk
Диссертациялық кеңестің қосымша уақытша мүшелері тағайындалмаған.
Ғылыми кеңесшілер:
— «Торайғыров университеті» КеАҚ «Құқықтану» кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор С.К. Жетписов;
— Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Кәсіби даярлау институтының Кәсіби даму және қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы дайындау кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.С. Сейтаева.
Ресми рецензенттер диссертацияны қорғауға қабылдағаннан бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.
Қорғау 2026 жылғы 18 желтоқсанда сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекенжайы: Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94- құрылыс.
Сайт: http://academy-gp.kz/
Бейнеконференция түрінде қорғауға қосылу: https://us06web.zoom.us/j/84636063382?pwd=LSOBX8CxKW3JG0k0Qnw1jRc3Bq0UFp.1