Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында экологиялық заңнаманың сақталуын прокурорлық қадағалау ерекшеліктеріне арналған дәріс өтті.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарға арналған сабақты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, қауымдастырылған профессор Әйгерім Шегебаева Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры Инабат Қасымованың қатысуымен ұйымдастырды.
Дәріс барысында қалдықтарды жинау, сақтау және орналастыру кезінде экологиялық талаптардың сақталуына, заңнама бұзушылықтарын анықтауға және прокурорлық ден қою шараларын қолдануға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар қоршаған ортаның ластануын болдырмау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша прокуратураның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылын да қарастырды.
Дәріс магистранттардың экология саласындағы прокурорлық қадағалаудың практикалық аспектілері туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
