Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтіп, кәсіби даярлық және қылмыстың заманауи түрлеріне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Келіссөздерге Академия ректоры Нұрғалым Әбдіров, Қазақстан мен Қырғызстандағы есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасының жетекшісі Джон Кроуфорд, сондай-ақ АҚШ Елшілігінің қызметкерлері қатысты.
Тараптар ынтымақтастықты нығайту, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған бірлескен оқу курстарын әзірлеу және өткізу мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша киберқылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.




